2 Маусым, 21:17 422 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Әлеуметтік IT жобаларға байқау жарияланды

UNISEF балалар қоры мен Astana Hub технопаркі құрған Әлеуметтік инновациялар зертханасы әлеуметтік IT жобаларға байқау жариялады, – деп жазды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік инновациялар зертханасы Қазақстанның IT мамандарын әлемдегі балаларды зорлық-зомбылықтан және кемсітуден қорғауға шақырады.

«Егер сіз IT маманы болсаңыз немесе әлеуметтік мәселелерді шешу жолын тапсаңыз, адамзат сіздің шешімдеріңізге мұқтаж болып отыр. Яғни, әлеуметтік инновациялар мен IT-шешімдердің көмегімен бүкіл әлемдегі балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға болады. Social Innovation Lab зертханасы IT мамандары арасында отбасы және балалар кедейлігі, балалар арасындағы жарақат, мектепке дейінгі және мектеп білімінің сапасын жақсарту, балаларға қатысты зорлық-зомбылық бағыттары бойынша сайыс жариялайды», – делінген Astana Hub хабарламасында.

Технопарктің хабарлауынша, UNISEF венчурлық қоры үздік жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады және Astana Hub жобаны акселерациялау мүмкіндігін ұсынады.

Байқау туралы толық ақпаратты silab.kz сайтынан табуға болады.

Соңғы жаңалықтар