2 Маусым, 18:47 499 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Президент парламенттік оппозицияға қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 28 мамырда Сенаттың жалпы отырысында «ҚР Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданған еді.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында парламенттік оппозиция институтын заңнамалық бекіту туралы тапсырмасын орындау мақсатында дайындалды.

Соңғы жаңалықтар