Алматыда саябақтар 3 маусымнан бастап ашылады

Алматыда саябақтар 3 маусымнан бастап ашылады

Алматыда саябақтар 3 маусымнан бастап ашылады
ашық дереккөзі
Алматыда бірқатар кәсіпкерлік субьектілер 3 маусымнан ашылады. «2020 жылдың 3 маусымынан санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда 30 адамнан аспайтын көлемде оқу жаттығу жұмысын жүргізу үшін спорт нысандары; Дене шынықтыру сауықтыру орындары (фитнес клубтар, жаттығу залдары); Білім орталықтары мен үйірмелер (алдын ала жазылу арқылы); Балаларға арналған түзету орталықтары; Саябақтар мен скверлер ашылады», – делінген қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысында. Нысан басшылары санитарлық талаптарды толық орындау керек. Өткен аптада Алматыда ХҚКО, сауда ойын сауық орталықтары ашылған болатын. Алайда арнайы комиссия кейбір нысандардың жұмысынан санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтады.