Күзде коронавирусқа қарсы жаппай егу шаралары басталады

Күзде коронавирусқа қарсы жаппай егу шаралары басталады

Күзде коронавирусқа қарсы жаппай егу шаралары басталады
ашық дереккөзі
Күзде Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы жаппай екпе егу жұмыстары басталуы мүмкін. Бұл туралы Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Дмитрий Чернышенко мәлімдеді. Вице-премьердің айтуынша, ресейлік ғалымдар CoViD-19 індетіне қарсы екпе жасау бағытында еңбектенуде. Жұмыстың нәтижесі көп күттірмеуі мүмкін. — Вакцина дайындау ісі сәтті аяқталса, күзде жаппай егуге кірісуге болады, - деді Чернышенко. Вице-премьердің сөзінше, оған дейін ресейліктерге індеттің қауіп-қатерін есепке ала отырып өмір сүруге тура келеді. Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания үкіметі коронавирусқа қарсы вакцина сынақтарын қосымша қаржыландыру үшін 101 миллион доллар бөлгенін хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Қазақстан да коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылғаны туралы жаздық.