Ресейде коронавирус құрбандарының саны 5 мыңнан асып жығылды

Ресейде коронавирус құрбандарының саны 5 мыңнан асып жығылды

Ресейде коронавирус құрбандарының саны 5 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Өткен тәулікте Ресейдің 84 өңірінде коронавирус жұқтырудың 8863 жаңа дерегі тіркелді. Бұл туралы елдегі індеттің таралуын бақылау жөніндегі жедел штаб хабарлады. Штаб мәліметінше, соңғы тәулікте  11 108 адам емделіп шыққан. Сондай-ақ, бір күнде 182 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Пандемия басталғалы Ресейде қатерлі вирусты 423 741 адам жұқтырған. 186 985 адам дертінен айықса, 5037 науқас қайтыс болды. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 6 289 259 адамға жетті. Індет құрбандарының жалпы саны – 375 994. Ал Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға келсек, елімізде 11 571 адамнан коронавирус анықталды.  5757 адам емделіп шықты. 41 науқас көз жұмды.