Талғар өзенінде балық неге қырылды – Қазгидромет сынама нәтижесін айтты

Талғар өзенінде балық неге қырылды – Қазгидромет сынама нәтижесін айтты

Талғар өзенінде балық неге қырылды – Қазгидромет сынама нәтижесін айтты
ашық дереккөзі
Қазгидромет РМК Алматы облысы Талғар өзенінде балық қырылған өзен суының қорытынды талдауын жариялады, – деп жазды ҚазАқпарат. БАҚ-та және «Facebook» желісінде Алматы облысы Базаркелді ауылы жанындағы Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы таралған бейнеақпарат бойынша 27 мамырда «Қазгидромет» РМК қалалық филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алды. «Судағы оттегі тұтынуының биохимиялық талдауы 5 тәулік бойы қалыпты мөлшерде болған (0,8-1,0 мг/дм3). Бірінші талдау нәтижелері бойынша су температурасы 25,1-26,4 ºC болған. Сутегі көрсеткіші 8,1-8,2, суда ерітілген оттегінің шоғырлануы қалыпты мөлшерде және 7,4-7,7 мг/дм3 диапазонында, түсі – 6-7 градус, мөлдірлігі – 20 см, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс (қи иісі) сезіледі», – деп мәлім етті «Қазгидромет» РМК. Яғни су құрамында улы химиялық заттар жоқ. Еске сала кетсек, осыған дейін жергілікті тұрғындар Талғар өзенінде балықтар қырылып жтатқанын айтып дабыл қаққан. Экологиялық белсенді Ольга Гумирова видеоны Facebook парақшасында жариялады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман және мал шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, 27 мамырда Алматы облысы Қапшағай қаласы территориалдық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары оқиға орнына барып, тексеру жүргізген. Одан бөлек судың сапасын анықтау үшін «Казгидромет» РМК қызметкерлері зертханалық сынама алды. Осыған ұқсас оқиға Алматыда 26 наурызда болған еді. 28 панфиловшылар паркінде 20-30 кептер қырылып қалған. Қала тұрғындары құстар дезинфекциялық заттардан уланды деген болжам айтты. Алайда, Ұлттық референттік орталық мамандары олардың өліміне қатысты шығарған қорытындыда химиялық улануды жоққа шығарды. «Құс тұмауы, Ньюкасл індеті, орбитоз, хламидиоз, пастериоз сияқты инфекциялық аурулар жоқ екендігі анықталды. Құстардың ағзасынан ауыр металл тұздары, хлор табылмады», – деді орталық мамандары.