31 Мамыр, 17:17 4046 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Сәбиін зиратқа тастап кеткен әйел іздестірілуде

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Жітіқара ауданында сәбиін зират басына қалдырып кеткен әйел іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат бұған дейін Жітіқара ауданында зират ішінен жаңа туған сәбидің денесі табылғанын жазған болатын.

Қазір осы дерек бойынша Қостанай облысының полициясы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабымен қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта сәби өлімінің себептері зерттелуде. Оны тастап кеткен әйелге, оқиға куәгерлеріне іздеу салынды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Полицияның мәліметінше, сәбиді зират ішіне әкеліп, пакетке салып кеткен.

Соңғы жаңалықтар