31 Мамыр, 15:37 420 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Футболдан Италия чемпионаты 20 маусымда қайта жалғасады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора футболдан Италия чемпионаты 20 маусымда қайта жалғасатынын айтты.

Коронавирус инфекциясына байланысты бұл елде футбол ойындарын өткізу кейінге шегерілген болатын.

А сериясында 26-тур ойындары 9 наурыз күні өткізілді.

Командалар алдағы уақытта 12 ойын өткізуі тиіс.

Қазір А сериясында 26 ойыннан кейін «Ювентус» 63 ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейінгі орындағы «Лацио» клубының еншісінде – 62, «Интердің» 54 ұпайы (25 ойыннан кейін) бар.

Ал футболдан Англия Премьер-лигасы 17 маусымда қайта жалғасады. Сондай-ақ. футболдан Испания чемпионаты 11 маусымда жалғасады.

Соңғы жаңалықтар