30 Мамыр, 13:52 621 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 26 мамыр күні "102" пультіне тұрғын үйдің кіреберісіндегі баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнын қарау барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғын аңшы мылтығынан өз-өзіне оқ атқаны анықталған. Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында өлер алдында жазып кеткен хаты табылған.

Қаза тапқан азаматтың 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұрғандығы белгілі болды. Оның атына тіркелген "САЙГА-М2" маркалы аңшы мылтығы болған.

Елордалық полиция департаменті мәліметінше, кылмыстық іс аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар