30 Мамыр, 13:06 682 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Тайланд туристерді қашан қабылдайтыны белгілі болды

Тайланд 1 шілдеден бастап шетелдік туристерге шекарасын ашпақ. Ел үкіметі маусымның соңында бизнес пен туризмге қатысты барлық шектеулерді алып тастауды жоспарлап отыр.

The Thaiger басылымының хабарлауынша, 1 шілдеге дейін Таиландта төтенше жағдай мен коменданттық сағат тоқтатылмақ. Елдегі өзге де шектеулер  біртіндеп алына бастайды. Ішкі және халықаралық сапарларға қатысты тыйымдар да күшін жояды.

Десе де, Тайланд билігі санитарлықө талаптарды орындау, атап айтқанда, маска тағып жүру және әлеуметтік қашықтық сақтау шектеулер алынғаннан кейін де міндетті болып қалатынын ескертуде.

Соңғы дерек бойынша, Тайландта 3076 адамнан коронавирус анықталған. Елде індеттен 57 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін Италия туризмі пандемия салдарынан табысының 80 пайызын жоғалтуы мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Қазақстандық мамандар да отандық туризмнің кірісі 70-80 пайызға кемуі мүмкін деген болжам жасады.

Соңғы жаңалықтар