29 Мамыр, 11:17 657 0 Ішкі саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстаннан үш айда 7,3 мың адам көшіп кеткен

2020 жылдың алғашқы үш айында Қазақстаннан 7,3 мың адам қоныс аударған. Finprom.kz зерттеу орталығының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайызға төмен. 

Мамандардың айтуынша, көшіп кетушілер санының азаюына COVID-19 инфекциясының таралуы себеп болған. Алайда Қазақстанға өзге елден көшіп келушілер саны өткен жылғымен салыстырғанда 34,4% артып, 4,3 мың адамды құраған.

2019 жылы елімізден 45,2 мың адам көшіп кеткен, келгендер саны 12,3 мың.

Осы жылдың үш айында көшіп кеткендердің 72,9% жұмысқа қабілетті адамдар. Яғни 16-дан зейнеттік жасқа дейінгілер саны 5,4 мың. Ал 1,7 мыңы 15 жастан төмен, зейнеттік жастан асқандар саны – 326 адам.

Соңғы жаңалықтар