28 Мамыр, 17:19 369 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

Жасотандықтар «Өз жақындарыңды сақта» акциясын бастады

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев карантин кезінде өзін және жақындарын қорғау мақсатында медициналық бетперделерді тағу қажеттілігі туралы бірнеше рет айтқан болатын.

Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б. Сағынтаев қалада санитарлық қауіпсіздік режимін қатаң сақтау шараларын қабылдауды тапсырды.

Қала бойынша енгізілген бетперделік режим індетті жұқтырғандар санын шектеу және оны тұрақтандыру тұрғысынан өте маңызды. Азаматтардың режимді қатаң ұстану қажеттігі бойынша ескерту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Алайда, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, режимді сақтамайтын адамдарға қатысты әкімшілік жазалау мен басқа да шаралар қолданылатын болады. Сондай-ақ, лауазымды тұлғалармен қоса, өз объектілеріне азаматтарды бетпердесіз жіберетін кәсіпкерлер де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Осыған байланысты Jas Otan-ның Алматылық филиалы қала тұрғындарына медициналық бетперделерді қолданудың және қажетті қашықтықты сақтаудың маңыздылығы туралы ескерту және түсіндіру бойынша «Өз жақындарыңды сақта» акциясын іске қосты.

Акция аясында арнайы оқудан өткен «Jas Otan» еріктілері қатарынан мобильді топтар құрылды.

Мобильді топтардың міндеті – күшейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қажет болған жағдайда медициналық маска тарату және температураны өлшеу.

Бүгін «Jas Otan» еріктілерінің 4 мобильді тобы 3 жерде, яғни «Көк базар», Арбат және қоғамдық көліктерде рейд жүргізді. Рейд барысында 2000-нан астам адам режим туралы түсіндіріліп, 2000-ға жуық медициналық бетперделер таратылды. Бұл жұмыс қаланың барлық аудандарында жалғасып, күн сайын өткізілетін болады.

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы вирусты жұқтыру қаупін төмендету мақсатында қала тұрғындарын бетперделік режимді қатаң сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар