ЖОО ақысын төлеу үшін студенттерге жеңілдетілген несие беріледі – Президент

ЖОО ақысын төлеу үшін студенттерге жеңілдетілген несие беріледі – Президент

ЖОО ақысын төлеу үшін студенттерге жеңілдетілген несие беріледі – Президент
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін студенттерге жеңілдетілген несие беруді ұсынды. Мұндай ұсынысты Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтты. «Ең маңызды мәселе - жоғары білімнің қолжетімді болуы. Мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесінде ауқымды әлеуметтік құрамды қарастыру керек деп санаймын. Яғни, үміткердің оқу жетістіктеріне ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына да назар аудару керек», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент әлеуметтік әлсіз санатқа жататын талапкерлерге қолдау көрсетудің тетіктерін жолға қою қажеттігін атап өтті. «Аз қамтылған отбасылар үшін, азаматтар мен жастардың әлеуметтік әлсіз санаттары үшін грант санын көбейту мәселесін қарастыру керек. Жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген несие беру - қолдаудың тағы бір түрі болар еді. Үкіметтен, сондай-ақ Ұлттық кеңес мүшелерінен осы мәселе бойынша өз ұсыныстарын беруді сұраймын», - деді Қ. Тоқаев. Айта кетейік, бұған дейін Президент Үкіметке ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ұстаздардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайту мақсатында елімізде грант құны 3 есе көбейетінін айтты.