Болат Бақауовқа қатысты сот үкімі шықты

Болат Бақауовқа қатысты сот үкімі шықты

Болат Бақауовқа қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Бүгін Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша №2 сотында экс-әкім Болат Бақауов ісі бойынша алғашқы сот отырысы Skype арқылы өтті. Сот отырысына қатысқан павлодарлық прокурор Елена Белова Болат Бақауовты 3,5 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады, деп хабарлайды Аzattyq ruhy. Прокурор айыпталушының кінәсі тергеу, куәгерлердің жауаптары және іс бойынша жиналған айғақтармен дәлелденгенін айтты. Сондай-ақ, экс-әкімнің мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда лауазымдар атқару құқығынан және барлық мемлекеттік марапаттарынан айыруды талап етті. Айыпталушы Болат Бақауов кінәсін толықтай мойындап, прокурормен процессуалды келісімге келді. Бақауовтың адвокатының айтуынша, ол процессуалды келісімге өз еркімен келген. «Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлімінің 3-тармағы бойынша «қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың ауыр зардаптарына әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды» деген айыппен кінәлі деп танылды. Сот үкімі бойынша ол 3,5 жылға бас бостандығынан айрылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айрылды», - деді Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша №2 соты Нұрлан Қайырбеков. Еске сала кетейік, 2019 жылы қыркүйек айында Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «AksuTransLogistic» ЖШС-іне (компанияның жалғыз құрылтайшысы сол кездегі облыс басшысы Болат Бақауовтың туысы) тексеріс жүргізіп, 2014-2018 жылдар аралығында бюджетке салық төлеу есебін қарап шыққан. Сол кезде кәсіпорынның 200 миллионнан астам теңгенің салығын төлемегені анықталған. Бұл тексеріс жайында сол кездегі облыс әкімі (2019 жылдың желтоқсаны) Болат Бақауов хабардар болып, өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін пайдалану арқылы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айнабековтен тексерістің нақты нәтижесін көрсетпеуді, ал төленбеген салықтың көлемін 3-5 миллион теңгеге дейін азайтуды талап еткен. «2020 жылдың 8 қаңтарында Айнабеков Бақауовтың кеңсесіне келіп, оның өтініші орындалғаны туралы хабарлады. Ол салық көлемі 3 млн 146 мың теңге сомасындағы ЖШС-ті тексеру нәтижелерін ұсынған. Сондай-ақ ол салық төлемі 213 миллион 60 мың теңгені құрайтын тексеру нәтижелерінің екінші жобасын қатар ұсынды. Бақауов туысына қоңырау шалып, бастапқы соманы төлеу керектігін айтты, содан кейін 3 миллион 155 мың теңге төленді», - деді прокурор Белова.