"Қазақмыстың" 300 қызметкері коронавирус жұқтырған

"Қазақмыстың" 300 қызметкері коронавирус жұқтырған

"Қазақмыстың" 300 қызметкері коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Қарағанды облысындағы "Қазақмыс" корпорациясының 300 жұмысшысынан коронавирус табылды. Бұл ақпаратты облыс әкімі Жеңіс Қасымбек растап отыр, деп хабарлайды  Астана арнасы. Теміртаудағы "Қазақмыс" корпорациясының "Нұрқазған" кеніші карантин аяқталғанға дейін жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Себебі кәсіпорын қызметкерлері арасында коронавирустың таралауы күннен-күнге артқан. Енді компания жұқпалы ауруды ауыздықтау үшін бар күшін салып, жедел шараларды қолдануға кіріскен екен. "Нұрқазғанда 300-ден астам адам ауру жұқтырған. Жұмысшылардың өздері және олардың отбасы мүшелерінде бақылауға алдық. Күн сайын бірнеше жағдай расталып жатыр. Ол мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары және кеншілердің туыстары. Біз карантиннен кейін вахталық әдіспен 14-15 күндік жұмысқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз", – дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. Сонымен қатар өңір басшысы Бұқар жырау ауданының тұрғындары карантинге қарамастан отбасылық мерекені жасырын түрде өткізгенін айтты. "Өкінікше қарай, қонақтардың арасында кеселді жұқтырған азаматтарда болған" , – дейді Жеңіс Қасымбек. "Бұқар жырау ауданында мерекелік жиын өткізген үйде 27 адам болған. Олардың барлығынан COVID-19-ға сараптама жүргізілді. Нәтижесінде коронавирустық инфекция 7 қонақ пен үй қожайынынан анықталды", – дейді Қарағанды облысының әкімі. Айта кетейік, бүгінде жалпы Қарағанды өңірінде коронавирус жұқтырған 662 адам тіркелген.