27 Мамыр, 10:00 404 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Италияда бассейндер мен фитнес-орталықтар ашылды

Италияда бассейндер мен фитнес-орталықтардың жұмысы жанданды.

Италия – әлемдегі індеттен ең көп зардап шеккен мемлекеттердің бірі. Елде 231 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды. Олардың 32 955-і қайтыс болды.

Індеттің таралу қарқыны төмендей бастағандықтан, италиялықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралуда. Екі айлық үзілістен соң ашылған фитнес-орталықтар мен бассейндер санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндеттелген. Италияның жүзу федерациясы бассейнге бір уақытта 44 адамды кіргізуге рұқсат берді.  Алайда жаңа ереже Ломбардия қаласына қатысты емес. Өйткені онда індеттің жаңа ошағы анықталған.

Айта кетейік, 3 маусымнан бастап италиялықтарға ел ішінде саяхаттауға рұқсат берілді.

Мемлекет 2020 жылдың соңына дейін шетелдік туристерге шекарасын ашпайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар