Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқармақ

Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқармақ

Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқармақ
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі еліміздегі Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқаруы мүмкін екенін айтты.  Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды», – делінді. Мәліметке сай, бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген. Оның міндеті – құрылыс саласы субъектілерін ынталандыруды қамтамасыз ету, ипотекалық кредиттеуді одан әрі дамыту, тұрғын үй құрылысы операторының қызметін оңтайландыру, жұмыс істеп тұрған операторлардың әкімшілік шығысын азайту есебінен бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады. Бұл құжатпен:
  • бірыңғай оператордың ипотекалық қарыз беру;
  • көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарды кепілдендіру;
  • инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметі реттеледі.
Заңның қабылдануы еліміздің халқын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды одан әрі іске асыруға, оның ішінде құрылыс саласына қолдау көрсетуге, тұрғын үй нарығындағы және ипотекалық кредиттеудегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуіне жағдай жасау арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құжат Палатаның қарауына жіберілді.