Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9 мыңға жуықтады

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9 мыңға жуықтады

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9 мыңға жуықтады
ашық дереккөзі
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 438 адам анықталды. Өсім – 5,1%, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Атап айтқанда, 25 мамыр күні инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары келесі өңірлерде тіркелді:
  • Алматы қаласында – 75 (3,4%)
  • Шымкент қаласында – 69 (11,3%)
  • Қарағанды облысында – 67 (11,3%)
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 56 (3,4%)
  • Жамбыл облысында – 51 (17,5%)
  • Батыс Қазақстан облысында – 38 (9,2%)
  • Атырау облысында – 32 (3,6%)
  • Түркістан облысында – 17 (5,4%)
  • Алматы облысында – 12 (4,2%)
  • Қызылорда облысында – 8 (2,4%)
  • Қостанай облысында – 5 (4,1%)
  • Маңғыстау облысында – 5 (3%)
  • Ақтөбе облысында – 2 (0,7%)
  • Ақмола облысында– 1 (0,7%)
Сондай-ақ өткен тәулікте індеттен 163 адам емделіп шықты. Жалпы республика бойынша ауырғандар саны – 8 969, жазылғандар – 4 515, 35 адам кайтыс болды.