1-сыныпқа құжат қабылдау 1 маусымнан басталады

1-сыныпқа құжат қабылдау 1 маусымнан басталады

1-сыныпқа құжат қабылдау 1 маусымнан басталады
ашық дереккөзі
Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа құжат қабылдау 2020 жылдың 1 маусым мен 30 тамызы аралығында жүзеге асады. Білім және ғылым министрлігінің хабарауынша, бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін құжаттар тізімін толық өткізу қажет. Олар:
  • баланың ата-анасынан (заңды өкілдерінен) өтініш (еркін түрде);
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • бала денсаулығы паспорты (026/у-3 форма, 063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат);
  • 3x4 көлеміндегі фото.
Жақында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру мәселесі қалай реттелетінін айтып берген болатын. «Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталдың «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш беріп, қажетті құжаттарды тіркейді. Құжат тапсыру мерзімі – 15 минут. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды. Ата-ананың жеке кабинетіне баланы қабылдаған немесе қабылдамағаны себебі туралы хабарлама келеді», – деген болатын Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдердің келісімімен порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы электронды түрде (сканерленген нұсқасы, фото)  ұсынылады. «Мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда», – деді ол. Кез-келген өзгерістер туралы ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік желілерде хабарланады.