«Қазгидромет» ескертеді: бүгін шаңды дауыл күшейіп, бұршақ жауады

«Қазгидромет» ескертеді: бүгін шаңды дауыл күшейіп, бұршақ жауады

«Қазгидромет» ескертеді: бүгін шаңды дауыл күшейіп, бұршақ жауады
ашық дереккөзі
23 мамыр күні еліміздің батыс бөлігінде жауын жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал елдің шығыс бөлігінде жоғары қысымның әсерінен күн ашық болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорын таратқан мәліметке сәйкес, республикада жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік батыста шаңды дауыл көтеріліп, солтүстікте тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні секундына 23 метр болады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі сақталады.