Нұротандықтар жәрдемақы ала алмай жүрген ананың мәселесін шешіп берді

Нұротандықтар жәрдемақы ала алмай жүрген ананың мәселесін шешіп берді

Нұротандықтар жәрдемақы ала алмай жүрген ананың мәселесін шешіп берді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Ақмола облысы Жақсы аудандық филиалына бала күтіміне байланысты жәрдемақыға қол жеткізе алмай жүрген Моховое ауылының тұрғыны Анар Тілеулинова жүгінді. Партиядан көмек сұрай келген ананың айтуынша, «Ветсервис» мемлекеттің коммуналдық кәсіпорнынан аударылған әлеуметтік аударымдар шамадан асып кетуі салдарынан ақпаннан бері бала күтіміне байланысты жәрдемақы ала алмаған. 15 мамырда Nur Otan партиясының Жақсы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Д.С.Пішембаева «Ветсервис» кәсіпорнының бухгалтерімен телефон арқылы сөйлесіп, мәселенің шешуді сұрады. Бухгалтер өз кезегінде ауданның Әлеуметтік қамтамасыз ету бөліміне қате аударылған соманы қайтару туралы анықтама жолдады. Партияның араласуымен ананың мәселесі оң шешіліп, жәрдемақыға қол жеткізді.