22 Мамыр 2020, 17:26 1259 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Пәкістанда 95 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Pakistan International Airlines (PIA) жолаушылар ұшағы Карачи қаласына жақын маңда апатқа ұшырады.

Dispatch News Desk (DND) басылымының хабарлауынша, ұшақ бортында 95 жолаушы болған.

Жолаушылар ұшағы Пәкістанда үлкендігі бойынша екінші саналатын Лахор қаласынан Синд провинциясының орталығы Карачиге бағыт алған. Джинна халықаралық әуежайына қонуға аз қалғанда ұшақ апатқа ұшырады.

Алдын-ала болжам бойынша апат техникалық ақау салдарынан болған. DND басылымы ұшақтың тұрғын үй аумағына құлағанын, апаттан бірнеше үйге зақым келгенін хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар