Үкімет қаулысы: Қазақстандық блогерлердің қызметі құқықтық тұрғыдан реттелмек

Үкімет қаулысы: Қазақстандық блогерлердің қызметі құқықтық тұрғыдан реттелмек

Үкімет қаулысы: Қазақстандық блогерлердің қызметі құқықтық тұрғыдан реттелмек
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметі Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекітті. Оған сәйкес бірқатар мемлекеттік БАҚ оңтайландыру шараларымен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл тұрғыда «Егемен Қазақстан» АҚ, «Казахстанская правда» АҚ, «Хабар» АҚ, «Қазақстан» РТРК» АҚ , «Қазмедиаорталығы» ЖШС, «Қазтелерадио» АҚ ескерілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 183 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін. 2. Ұлттық жоспарды орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар: 1) Ұлттық жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын; 2) жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Ақпарат саласын дамыту жөніндегі 2020 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті жылдан кейінгі 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне және ҚР Президентінің Әкімшілігіне Ұлттық жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін БАҚ-ты мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау көзделген. Осыған байланысты, жаңалықтар материалдарын өндіруге мемлекеттік ақпараттық тапсырыстан қаражат бөлуді алып тастауды қарау қажеттігі, сол арқылы оларды әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жария етуге бағыттау керектігі атап өтілген. Осы шараны Интернетте, мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде жүзеге асыруға болады. «Сонымен қатар, баспа БАҚ-та талдамалық контентке баса назар аударуды көздеу қажет. Жаңалықтар материалдарын интернет-ресурстарының жариялау жеделдігі сияқты объективті себептерге байланысты баспа БАҚ-тардың журналистік зерттеулерді, шолу материалдарын, сараптамалық мақалаларды және басқаларды қоса алғанда, талдамалық контенттің орнын иеленгені жөн», - делінген жоспарда. Сондай-ақ, ақпарат саласында квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жүргізіледі. «Бүгінде медиахолдингтер көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді және ұйымдық қызметті орталықтандыруды, мәселелерді жедел қаржылық-экономикалық шешу мүмкіндігін, шығындарды оңтайландыруды, оның ішінде әкімшілік-техникалық персоналға үнемдеуді қоса алғанда, бірқатар артықшылықтарға ие. Медиахолдингтерді құру ұйымның шығармашылық әлеуетіне назар аударуға мүмкіндік береді», - делінген құжатта. Осы орайда онлайн және баспа БАҚ саласында жеке медиахолдингтер құру нарық сұраныстарына икемді ден қоюға, сапалы бәсекелес өнім ұсынуға, сондай-ақ оларды қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі аталып өткен. Мұнымен қоса, бірыңғай материалдық-техникалық база құрылады. «Материалдық-техникалық жабдықтарды эргономикалық пайдалануды, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік телеарналарға арналған бірыңғай материалдық-техникалық база құрудың тиімділігін зерделеу ұсынылады. Өз жабдықтарынан басқа телеарналар осы базаның ресурстарын пайдалана алады, бұл олардың контент дайындаудағы мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деп жазылған жоспарда. Осы шара мемлекеттік телеарналардың материалдық-техникалық базасын жаңартуды да көздейді. Бұдан бөлек, блогерлердің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесіне назар аударылған. «Интернет желісін дамыту журналистиканың, оның ішінде азаматтық журналистиканың жаңа түрлерін дамытуға ықпал етеді. Бүгінде әлеуметтік желілер мен әртүрлі желілік платформалар аудиториясының өсуінің арқасында блогерлер мәселелердің ауқымды спектрі жөнінде аудиторияның хабардар болуына және жалпы қоғамдық пікірге айтарлықтай әсер етеді. Блогерлердің қызметін құқықтық реттеу мақсатында көптеген елдер бірқатар халықаралық құжаттарды басшылыққа алады. Мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің №34 жалпы тәртіптегі ескертуінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комитеті блогерлердің қызметін журналистика нысанына теңестіреді: «журналистік функцияларды адамдардың ауқымды тобы, оның ішінде кәсіпқой штаттық репортерлер мен талдаушылар, блогерлер және баспа басылымдарында, Интернетте немесе басқа да жерлерде жарияланатын басқа да адамдар атқарады. Осылайша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, еріктілік қағидатына негізделген отандық блогерлердің қызметін құқықтық қамтамасыз еткен жөн», - деп аталып өткен жоспарда. Аталған шара блогерлерді мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда аккредиттеу құқығын қоса алғанда, құқықтармен және журналистер жұмысының өмірлік маңызы бар бөлігі болып саналатын қорғаумен (төтенше жағдайларды жою, қарулы арнайы операцияларды жария ету кезіндегі таным белгілері және басқалар) қамтамасыз ете алады.