Алматы облысында 6 айлық сәбиден коронавирус анықталды

Алматы облысында 6 айлық сәбиден коронавирус анықталды

Алматы облысында 6 айлық сәбиден коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Өткен тәулікте Алматы облысында 24 адамнан коронавирус анықталды.  Облыс әкімдігінің дерегінше, науқастар  - Кеген, Іле, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Олардың ең үлкені - 76 жастағы зейнеткер болса, ең кішісі - 6 айлық сәби. Науқастардың індет жұқтырғаны медициналық комиссиядан өту , медициналық көмекке жүгіну және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кезінде анықталған. Коронавирусқа шалдыққандар Талдықорғандағы әскери госпитальдің, Қарасай аудандық ауруханасының, Шелектегі аудандық аурухананың инфекция бөлімдеріне жатқызылды. Науқастармен 143 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы оқшауланып, эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Соңғы дерек бойынша, Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 262-ге жетті. Ал республика бойынша індет жұқтырудың 7597 дерегі тіркелді. 3843 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 35 адам қайтыс болды.