Вашингтон Ашық аспан келісімшартынан шығатынын мәлімдеді

Вашингтон Ашық аспан келісімшартынан шығатынын мәлімдеді

Вашингтон Ашық аспан келісімшартынан шығатынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың бұл шешіміне Ресейдің құжат шарттарын бірнеше рет бұзуы себеп. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, Ресей әскерилері келісім бойынша Америка мен Еуропаның аумағымен ұшып, бақылауды жоғары дәлдікті қаруын стратегиялық нысандарға бағыттауға пайдаланған. Ал америкалықтарға өзінің кей аудандарының үстімен ұшуға рұқсат бермеген. "Біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Алайда Ресей Ашық аспан туралы келісімді сақтамай отыр. Егер шартты орындамаса, біз келісімді тоқтатамыз. Бірақ жаңа жол табуға мүмкіндігіміз мол деп ойлаймын", - деді Дональд Трамп. Десе де, Еуропаның бірқатар мемлекеті Вашингтонның шешімін құптамайтындарын жеткізді. Айта кетейік, Ашық аспан туралы келісімшарт 1992 жылдың наурыз айында қабылданған. Құжат бойынша 35 мемлекет бір-бірінің аумағымен ұшып, әскери ахуалды бақылап отыруға уағдаласқан.