22 Мамыр 2020, 12:32 755 0 Көлік Анар ЛЕПЕСОВА

Атыраудан еліміздің 6 қаласына әуе рейстері қайта жанданады

Атырау қаласынан басқа өңірлерге әуе рейстері қайта жанданады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша әуе рейстері қайта ашылады.

Эйр Астана:

1. Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;

SCAT:

1. Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады.

2. Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды.

Qazaq Air:

1. Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен;

2. Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.

Fly Arystan:

1. Шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды. Ұшу кестесін әуе компаниялары реттей алады. Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

 

Соңғы жаңалықтар