21 Мамыр, 19:59 398 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

"Қазмедиа" орталығының екі қызметкері коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығының қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықталды. 

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Еуразия" Бірінші арнасының екі қызметкері індет жұқтырған.

Осыған байланысты "Қазмедиа" әкімшілігі  басқа жалға алушыларды 7 маусымға дейін қашықтан жұмыс істеуге шақырды. Бұл жағдайға байланысты әзірге Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірмеді.

Соңғы дерек бойынша, елімізде COVID-19 вирусы 7234 адамнан анықталды. Өткен тәулікте 265 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Науқастардың 3835-і емделіп шықса, дерті асқынған 35 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 2 науқас өте ауыр жағдайда жатқанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар