«Әлем қазақтарымен сұхбат» жобасы қолға алынды

«Әлем қазақтарымен сұхбат» жобасы қолға алынды

«Әлем қазақтарымен сұхбат» жобасы қолға алынды
ашық дереккөзі
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен "Отандастар" қоры бірлесіп, шетелдегі қандастарымыздың сұрауы бойынша «Әлем қазақтарымен сұхбат» бағдарламаны қолға алды. Оның негізгі мақсаты - шетелдегі қазақтардың тыныс-тіршілігімен таныстыру. Бағдарлама аясында қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген беделді қандастарымыз Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Instagram парақшасында және You Tube каналанда тікелей эфир арқылы сұхбат береді. Бағдарламаның жүргізушісі - Сырымбек Төлеуұлы. Осы уақытқа дейін «Ақ ниет» өнер орталығының art-директоры, ресейлік қандасымыз Светлана Альбикова, «Омбы» қазақтары ұйымының төрағасының орынбасары Торғын Ашенова, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі, Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары, «Қазақ елі» журналының баспагері Шабан Серкан Динчтүрк, "Tau group of companies" Басшысы Сырымбек Тауұлымен сұқбат ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қандастар көші неге саябырсып қалды?» деген тақырыпта мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев сұхбат берді. Алдағы сұхбат 22 мамырда ұйымдастырылады. Кештің қонағы - Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, Алаш қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен мұрасын зерттеген ғалым Әбдуақап Қара. Сонымен қатар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитет көші-қон процестерінің мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов өзекті сұрақтарға жауап береді деп жоспарланып отыр.