21 Мамыр, 16:12 1755 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Лукашенко коронавирусты бір айда жеңе алмағанын мойындады

Белоруссия президенті Александр Лукашенко коронавирусты жеңу үшін тағы  бір ай «тырбаңдауға» тура келетінін айтты, деп хабарлайды БЕЛТА.

Лукашенконың айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай оңалғанымен, босаңсуға ерте.

«Барлық күшті жұмылдырып, адамдарды құтқару керек. Әлі індетті толық жеңген жоқпыз. Шамамен тағы бір ай «тырбаңдауға» тура келеді. Әрине, бастапқыдай емес, жеңілдеп келеді, бірақ босаңсуға болмайды», - деді Белоруссия президенті.

Бүгінде Белоруссияда коронавирус жұқтырғандар саны 32 мыңнан асты. Індеттен 179 адам көз жұмды. 11 мыңнан аса адам емделіп шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Белоруссия президенті коронавирусты бір айда жеңуге уәде берген.

Елде індетке байланысты шектеу шаралары енгізілмеген. Лукашенко мұны экономикалық себептермен байланыстырып, әлемдегі коронавирустың айналасындағы жағдайды психоз деп атады.

Белоруссия президентінің айтуынша, коронавирустан көз жұматындар саны жүрек-қантамыр ауруларынан, қант диабеті және онкологиялық кеселдерден болатын өлім-жітім көрсеткішінен анағұрлым төмен.

Соңғы жаңалықтар