Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы

Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы

Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы
ашық дереккөзі
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен 2016 жылдың 22 сәуір күні «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы» атты білім беру қызметкерлерінің  Екінші Республикалық Педагогикалық оқуларының Облыстық кезеңі өтті. Екінші Республикалық Педагогикалық оқулардың Облыстық кезеңін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры Х.А.Дюсебаев құттықтау сөзімен ашып берді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ғылыми зерттеулер және инновация бөлімінің бастығы Г.Е.Исамадиева: «Құрметті әріптестер! Сіздерді «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы» атты білім беру қызметкерлерінің  Екінші Республикалық Педагогикалық оқуларының Облыстық кезеңінің ашылу салтанатты ашылуымен құттықтаймын! Республикалық Педагогикалық оқулар – Қазақстанның үздік мұғалімдерінің, талантты әдіскерлері мен педагог-ғалымдарының бас қосуы»,- деп барлық қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Т.Қ. Ауелгазина «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – сапалы білімді қамтамасыз ету кепілі» атты баяндамасы арқылы қатысушы ұстаздарды институт қызметімен және Екінші Республикалық Педагогикалық оқуларының Облыстық кезеңінің негізгі бағыттарымен  таныстырып өтті. Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің инновациялық қызметтер бойынша әдіскері А.Т.Мұратбеков «Педагогикалық үрдісті басқарудағы инновациялық менеджмент», Еңбекшіқазақ аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Т.Бухарова «Новые подходы в преподавании русского языка в казахских классах», Жамбыл аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Т.Адилова «Методическая работа как средство обеспечения профессионально – личностного роста педагогов» атты баяндамалар оқыды. Облыстық кезеңге Алматы облысы бойынша 132 педагог қызметкерлер мен сертификатталған мұғалімдер қатысты. 233 Әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағыты бойынша Қапшағай қаласы, «Искорка» балабақшасының қызметкері Е.Рыбакова, бастауыш білім беру бағыты бойынша Қарасай ауданы, Алмалыбақ гимназиясының ұстазы Л.Шамрай, орта білім беру бойынша «Мәңгілік Ел» ұлттық идеялары аясында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» секциясынан Текелі ауданы, №4 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Дорводхан, орта білім беру бойынша «Білім беру үдерісін технологияландыру мектептік білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде» атты секциясынан Қарасай ауданы, Алтын ауыл орта мектебінің мұғалімі А.Елікбаева, қосымша білім беру бағыты бойынша Талдықорған қаласы, Өнер мектебінің педагог қызметкері Ж.Ким, техникалық және кәсіби білім беруден Д.Тайкпанова, білімдегі менеджмент бағыты бойынша Райымбек ауданы, Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Батырханова, жоғары білім бағыты бойынша Э.Убайдуллақызы  «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе – уақыт талабы» атты білім беру қызметкерлерінің Екінші Республикалық Педагогикалық оқуларының Облыстық кезеңінде бірінші орынды иеленіп, жұмыстары педагогикалық оқулардың республикалық деңгейіне ұсынылды. Республикалық кезеңге жолдама алған ұстаздарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ғылыми зерттеулер және инновация бөлімінің бастығы Исамадиева Гульнара Еглановна құттықтап, арнайы дипломдармен марапаттады. Сонымен қатар, белсенділігімен көзге түскен қатысушылар алғыс хаттар, сертификаттармен марапатталды.

Айгүл НҰРАҚБАЕВА, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша

 педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

 Қоғаммен байланыс және баспа қызметі  бөлімінің бас маманы