21 Мамыр, 13:11 236 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Төлеби ауданында 38 үй сүріліп, қайта салынады

Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқынынан келген зардапты қалпына келтіру жұмысы қызу жүріп жатыр.

Жұмысқа 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған. Ауданда мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үй бұзылып жатыр. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын құю жұмыстары басталды.

Сел салдарынан 78 азамат эвакуация орталығына жатқызылса, қазіргі таңда 40-тан астам азамат ағайын-туыстарының үйіне жайғасқан.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, эвакуация орталығында орналасқан азаматтар үш мезгіл тамақпен қамтылған. Оларға барлық қажетті жағдай жасалған.

«Зардап шеккен 38 баспана толықтай сүріліп, орнына жаңа баспана салынады. Оларды қалпына келтіру жұмыстарына 510 млн теңге бағытталмақ. Жалпы құрылыс жұмыстарын 1.5-2 ай ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деді Бауыржан Омарбеков.

 

Соңғы жаңалықтар