Заңсыз лицензиялар берудің қылмыстық схемасын ұйымдастырғандар сотталды

Заңсыз лицензиялар берудің қылмыстық схемасын ұйымдастырғандар сотталды

Заңсыз лицензиялар берудің қылмыстық схемасын ұйымдастырғандар сотталды
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Е-Лицензиялау» мемлекеттік базадағы мәліметтерді түрлендіру жолымен заңсыз лицензиялар берудің қылмыстық схемасын ұйымдастырған адамдар әрекетінің жолы кесілді, – деп жазды ҚазАқпарат. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыстық әрекет белгілерін «Қазақстанның Киберқалқаны» жүйесі шеңберінде құрылған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы тіркеген. Жедел-іздестіру іс-шараларының және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның техникалық мамандары бірлесіп жүргізген кешенді компьютерлік-техникалық сараптаманың нәтижелері бойынша «Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерді түрлендіруге қатысты күдікті адамдардың кінәсі толық дәлелденді. 2020 жылғы 10 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен сотталушылар ҚР ҚК 206-бабы 2-бөлігі 1-тармағы «Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру» бойынша кінәлі деп танылып, 2 (екі) жыл мерзімге Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілеріне жіберуге байланысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым иелену құқығынан айырумен әрқайсысы 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жазаланды. Үкім заңды күшіне енді.