Төрт немересімен паркингте қыстап шыққан әжейге көмек көрсетілді

Төрт немересімен паркингте қыстап шыққан әжейге көмек көрсетілді

Төрт немересімен паркингте қыстап шыққан әжейге көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Алматы полициясы төрт кішкентай немересі және мүгедек қызымен бірге паркингте қыстап шыққан әжейге көмектескенін жазды ҚазАқпарат. Алматы полициясының мәліметінше, мүгедек қызы және төрт немересі бар кейуана паркингте қыстап шыққан. Немересінің ең кішкентайы тоғыз айлық. «Теледидардан әжей мен балаларды көріп, жүрегім ауырып кетті. Жеке өзім көргенімді көңілімнен ұзақ уақытқа шығара алмадым. Бұл оқиға әріптестерімді де бейжай қалдырмады. Біз бірауыздан зейнеткерге көмектесуге шешім қабылдадық. Оны іздеп таптық. Жергілікті атқарушы органдар әйелге баспана алуға көмектескені белгілі болды. Жеке құраммен бірге жинаған қаражатымызды Дариға апайдың қолына тапсырдық. Немерелеріне тәттілер алдық. Кішкентайға ходунок әкелдік», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов. Зейнеткер Дариға Қасымова тәртіп сақшыларына көңіл бөліп, материалдық көмек көрсеткені үшін алғысын білдіріп, оларға денсаулық, сондай-ақ қаладағы қылмыс және тәртіппен күресте күш-қуат тіледі. «Біз әлі де бұл отбасына келіп тұратын боламыз және мүмкіндігімізше оларға көмектесеміз», – деді полицейлер.