Шымкентте бір тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырған

Шымкентте бір тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырған

Шымкентте бір тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Шымкенттің 50 тұрғынында COVID-19 диагнозы нақтыланды. Оның ішінде 24 науқас вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған. Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше, індет жұқтырғандардың 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Бүгінде COVID-19 диагнозы расталған тұрғындардың барлығы инфекциялық стационарда ем алуда. «Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жасалды» делінген хабарламада.