20 Мамыр 2020, 09:42 929 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

«Nur Suńqar» республикалық байқауы басталды

«Nur Otan» партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.

Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.

Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы
Н.Ә.Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.

Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың
18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.

Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады.

Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады.

Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:

  • «Телевизия үздігі» – үздік телевизиялық журналист;
  • «Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;
  • «Үнжария» – радионың үздік журналисі;
  • «QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі»;
  • «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал»;
  • «Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;
  • «Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
  • «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін;
  • «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздің жарияланым;

Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2020@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 777 09 22 нөмірі арқылы Сеит Айшолпанға хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар