19 Мамыр, 13:42 417 0 Көлік Анар ЛЕПЕСОВА

Алматыдағы блокбекет маңында ұзын-сонар кептеліс пайда болды (видео)

Алматыға кіреберістегі блокпосттарда бірнеше шақырымға созылған кептелістер пайда болды. Әлеуметтік желіде қалаға кіре алмай кезек күткен көліктер таспаланған видео тарап жатыр.

Қалалық полиция департаменті қалаға себепсіз кіріп-шығуды қоя тұруға кеңес берді.

«Бұл кептеліс карантин режимі бәсеңсіген соң пайда болды. Кей азаматтар карантин аяқталды деп санап, қалаға кіруге немесе шығуға талпынып жатыр. Карантин тек жеңілдеді. Блокпостан тек жедел штаб базасында аты-жөні тіркелген азаматтар ғана өте алады. Әр көлікті тексеруге біршама уақыт кететіні белгілі. Бұл шараның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр», - дейді полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция департаменті кептелістен қашамын деп қарама-қарсы бетке шыққан жүргізушілер де әкімшілік жазаға тартылатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар