Облыстар арасындағы блокбекеттер қашан алынады – министрлік жауап берді

Облыстар арасындағы блокбекеттер қашан алынады – министрлік жауап берді

Облыстар арасындағы блокбекеттер қашан алынады – министрлік жауап берді
ашық дереккөзі
Қазақстанда қалалар арасындағы тасжолдарда блокбекеттер қашан алынады? Бұл сауалға ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев жауап берді.  «Бүгінгі күні қалалар арасындағы блокпостар әлі де сақталады және облыстар мен өңірлер арасындағы қозғалысқа да шектеу бар. Қазіргі уақытта аталған блокпостарды алып бастауды көздеп отырған жоқпыз. Бұл, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың әртүрлі болуымен байланысты. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Айталық, соңғы бірнеше күн бойы Шымкент қаласы мен Атырау облысында айтарлықтай өсім орын алуда. Өңірлер арасындағы карантин шараларын жеңілдету және блокпоттарды алу инфекцияның Шымкент қаласынан Түркістан облысына немесе Атырау облысынан оған жақын өңірлерге таралуына әкелуі мүмкін», - деді ол «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» бағдарламасы барысында. Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 283 адамнан коронавирус анықталып, республика бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны 6440-қа жетті. Шымкент қаласында өсім жоғары(17,3%). Бір күн ішінде қалада 60 адамнан індет анықталды.