Талдықорған мен Үшарал арасында ұшақ қатынасы жанданды

Талдықорған мен Үшарал арасында ұшақ қатынасы жанданды

Талдықорған мен Үшарал арасында ұшақ қатынасы жанданды
ашық дереккөзі
Бүгін «Жетісу» әуекомпаниясы» АҚ кестесіне сәйкес Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытындағы ұшу рейсінің маусымы басталды. Алғашқы рейсте Л-410 УВП-Е20 ұшағындағы жолаушылар Алакөл ауданына қарасты «Үшарал» әуежайына келіп қонды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі карантин режиміне байланысты әуежайда санитарлық талаптар, бетперде режимі қатаң сақталған. Мұнда барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Алакөл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері тарапынан ұшып келген жолаушылардың дене қызулары тепловизормен өлшеніп, анкета толтырылады. Бүгінгі күнге Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытындағы ұшақтар күнделікті сағат 10.00-11.00, 10.30-11.30-да қатынайды. Билет құны 8.000 теңге. Ал Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан және Алматы – Үшарал – Алматы бағыттарындағы әуе рейстері биылғы жылдың 20 мамырынан бастап ұшады.