221 мың науқас: Ресей әлемде үшінші орынға шықты

221 мың науқас: Ресей әлемде үшінші орынға шықты

221 мың науқас: Ресей әлемде үшінші орынға шықты
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен Ресей Ұлыбритания мен Италияның алдына шығып, әлемде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ТАСС. Елдегі эпиедмиологиялық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб мәліметінше,  Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 221 344 адамға жеткен. Cоңғы тәулікте 11 656 науқас тіркелген. Ұлыбританияда 219 183 адамнан індет анықталса, Италияда қатерлі вирусты 219 070 адам жұқтырған. Бұл мемлекеттер әлі дүйсенбі күнгі статистиканы әлі жарияламағанын айта кеткен жөн. Қазіргі дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ бірінші орында тұр. Бұл мемлекетте 1,4 миллионнан астам адамнан індет анықталды. Екінші орында - Испания. Онда 224 390 науқас тіркелген. Айта кетейік, Қазақстанда қатерлі вирусты 5160 адам жұқтырды. Науқастардың 2020-сы емделіп шықты. 32 адам көз жұмды. Естеріңізде болса, бұған дейін Шымкент қаласында бір науқас көз жұмғанын хабарлағанбыз.