#ЖҰМЕКЕН85: Ақтоты Райымқұлова Илья Жақанов жолдаған эстафетаны жалғады (видео)

#ЖҰМЕКЕН85: Ақтоты Райымқұлова Илья Жақанов жолдаған эстафетаны жалғады (видео)

#ЖҰМЕКЕН85: Ақтоты Райымқұлова Илья Жақанов жолдаған эстафетаны жалғады (видео)
ашық дереккөзі
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова #ЖҰМЕКЕН85 жыр эстафетасына қолдау білдірді. «Биыл қазақтың біртуар ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 85 жыл. Осынау игілікті іс-шараға байланысты «Атырау» телеарнасы #ЖҰМЕКЕН85 жыр эстафетасын бастаған болатын. Өлең оқу челленджін композитор, музыкатанушы, профессор Илья Жақановтан қабылдап алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова эстафетаны Ұлықбек Есдәулетов, Төлеген Мұхамеджанов, Талғат Теменов, Майра Мұхамедқызы сынды өнер және мәдениет майталмандарына жолдады», - делінген министрліктің Facebook-парақшасында жарияланған ақпаратта. Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова Ж.Нәжімеденовтің «Менің елім» туындысынан үзінді оқып берді.