Әуезов театры Талдықорған, Текелі қалаларында спектакль қояды

Әуезов театры Талдықорған, Текелі қалаларында спектакль қояды

Әуезов театры Талдықорған, Текелі қалаларында спектакль қояды
ашық дереккөзі
М.Әуезов театры 90-жылдығы аясында  Талдықорған және Текелі қалаларына  гастрольдік сапармен барады.  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялдық драма театры театрдың 90-жылдығы аясында  21-22 сәуір күндері гастрольдік сапармен Талдықорған және Текелі  қалаларына аттанбақ. Алматы облысының көрермендеріне театр ұжымы И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы" музыкалық драмасын сахналамақшы. Әрбір қазақтың аузынан түспейтін жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндерді дүниеге әкелген Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен махаббаты жайлы сыр шертетін спектакльде өнер көрсететін актерлер мен қойылым тобын театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов пен театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл бастап барады.  Шәмші ролін  Бекжан Тұрыс, "Сыған серенадасының" дүниеге келуіне арқау болған Сыған қызы Изольда бейнесін  театрымыздың талантты актрисасы Шынар Жанысбекова сахналайды. Биылғы маусым 90 жылдығын тойлап өткен қазақ өнерінің корифейлерінің тері сіңіп, ізі қалған қарашаңырақтың  киелі сахнасында өнер көрсететін артистердің ойынын тамашалағыңыз келсе,  жұрт тамсана айтатын, "Жер жаннаты - Жетісудың" кіндік қаласы – Талдықорған мен Текеліде сахналанатын "Сыған серенадасы" спектакліне асығыңыз! 21-сәуір  Талдықорған қаласында Б.Римова атындағы драма театры сахнасында, басталуы: 18.30-да 22-сәуір Текелі қаласының Мәдениет үйінде, басталуы: 18.00-де. "Сыған серенадасы" спектакліндегі рольдер мен орындаушы актерлер тізімі:
Р/с РОЛЬДЕР ОРЫНДАУШЫЛАР
1 Шәмші Ерлан Біләл,  ҚР еңбек сіңірген  қайраткері  
3 Изольда Шынар Жанысбекова  
4 Барон Үсіпхан Сейтімбет
5 Баронесса Ғазиза Әбдінәбиева, ҚР еңбек сіңірген  артисі  
6 Алеко Алмас Шаяхметов, ҚР "Серпер" Жастар одағы сыйлығының лауреаты  
7 Апа Шәмшәгүл Меңдиярова, ҚР еңбек сіңірген  артисі
8 Сағыныш Ләззат Қалдыбекова, ҚР "Серпер" Жастар одағы сыйлығының лауреаты
10 Абзал Жасұлан Байсалбеков, ҚР "Серпер" Жастар одағы сыйлығының лауреаты
11 Көпшілік сахнасында Наз Жекенова, Бауыржан Манжігітов, Замира Сапар,  Қайрат Нәбиолла, Абзалбек Асхатұлы, Арай Өмірова, Жәнель Мақажан, Нұрғиса Қуанышбайұлы, Әсем Абенова,
 

Әуезов театрының баспасөз қызметі