Түркістанда 100-ге жуық көшеге жол төселеді

Түркістанда 100-ге жуық көшеге жол төселеді

Түркістанда 100-ге жуық көшеге жол төселеді
ашық дереккөзі
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталықтарындағы құрылыс және жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Түркістанда бүгінде 5, 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер салынуда. Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан қаланың құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Дегенмен жұмысшы күшіне әлі де тапшылық бар. Қаланың басты көшелерінің бірі Б.Саттарханов даңғылының екі шетінде ұзыннан салынып жатқан желілік саябақ – субұрқақтар, ерекше дизайнды ландшафтар және ирригациялық арықшаларымен ерекшеленбек. Сонымен қатар орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге тарта көшенің 26-на тасжол салынса, 22-де жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы 48 көшеде жолдың іргесін нығыздау, кәріз жүйесі құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүріп жатыр.