8 Мамыр, 12:41 316 0 Нұр Отан Арайлым Бимендиева

Nur Otan: Biz birgemiz акциясына 3 000 ерікті қатысты

Nur Otan партиясы күн сайын халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына көмек көрсетуден қалыс қалмайды.  Атап айтар болсақ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Nur Otan партиясының көшбасшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына атаулы көмек көрсету үшін ҚР Тұңғыш Президенті қорынан және Nur Otan партиясы атынан (демеушілік көмек және партия қызметкерлерінің бір күндік жалақысы) 400 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.  Бөлінген қаржы «әлеуметтік пакеттер», қажетті азық-түлік және гигниеналық құралдарға жұмсалды.

Сонымен қатар «Жас Отан» Жастар қанатыны еріктілер қозғалысы республикалық Biz birgemiz акциясын іске асыруға атсалысуда. Олар Biz birgemiz акциясы аясында 19 наурыздан бастап еліміз бойынша көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері, медицинкалық маскалар және гигиеналық құралдарды үйлеріне жеткізумен айналысып жүр.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5 миллион медициналық маска таратылды. Еліміз бойынша 65 мыңнан астам көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті пен гиниеналық құралдар таратылып, 1 500 адам ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Жалпы елімізде Biz birgemiz акциясына 3 000 ерікті тартылды. Індеттен соң еріктілер санының бұдан да көбейеді деуге болады, өйткені төтенше жағдай кезінде адамдарға көмек қолын созуға асыққандардың саны артты.

Соңғы жаңалықтар