Жеңіске – 75 жыл

Жеңіске – 75 жыл

Жеңіске – 75 жыл
ашық дереккөзі
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл. 1941 жылы 22 маусымда басталып, 1 418 күнге созылған сұрапыл шайқасқа Қазақстаннан 1 млн 400 мыңға жуық жауынгер аттанды.  Ал оның 600 мыңы соғыстан қайтып еліне оралмады... Nur Otan партиясы ҰОС ардагерлері мен майдангерлерін еске алуға ерекше мән беріп келеді. Жеңістің 75 жылдығы аясында жауынгерлердің тарихи ерлігін сақтау және қаһармандықты насихаттау мақсатында партия республикалық «Қаһарман» акциясын жариялады. Жауынгерлер ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Партия бұл бағытта тарихшы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлының Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ әртүрлі себептермен оны ала алмаған 133 майдангер туралы «Ұмытылған батырлар. Кеңес Одағының Батырлары» кітабына қолдау білдірді. Қазіргі таңда партияның филиалдарының көмегімен ҰОС-ның 44 қатысушысының туыстары табылды. Әлеуметтік желілерде соғысқа қатысушылардың тарихы, Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай #Qaharman челенджі басталды. Ал 5 мамырдан бастап «Астана» телеарнасының эфирінен «Қазақстандықтар – Ұлы Жеңістің Қаһармандары» атты видеоэнциклопедиясының тұсауы кесіледі.