«Нұрлы жер»: Атырау облысында 6,5 мың тұрғын үй салынады

«Нұрлы жер»: Атырау облысында 6,5 мың тұрғын үй салынады

«Нұрлы жер»: Атырау облысында 6,5 мың тұрғын үй салынады
ашық дереккөзі
Атырау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 800 мың шаршы метр немесе 6,5 мың тұрғын үй салу міндеті тұр. Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 20,3 млрд. теңгеге 95 жоба іске асырылып, 925 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар кредиттік немесе жалға берілетін 620 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 13 жобаны іске асыру үшін 5 млрд. теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсан қорытындысында әкімдікке 1,1 млрд. теңге аударылып, қаражат толық игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 10,2 мың шаршы метр болатын 157 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 480 адам жұмысқа тартылады. Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 43 жобаны іске асыру үшін 5 млрд. теңге қарастырылған. Оған 27,8 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 463 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-дық несие беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 239 тұрғын үй үшін 2,4 млрд. теңге қарыз беру қарастырылып отыр. Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 39 жобаны іске асырылады. Ол мақсатқа 10,3 млрд. теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсанда ол қаражаттың 2,8 млрд. теңгесі аударылып, 2,2 млрд. теңгесі игерілді. Аталған жобаларда 445 адам жұмыспен қамтылады.