Әзербайжан билігі карантин режимін 31 мамырға дейін ұзартты

Әзербайжан билігі карантин режимін 31 мамырға дейін ұзартты

Әзербайжан билігі карантин режимін 31 мамырға дейін ұзартты
ашық дереккөзі
Әзербайжанда коронавирустың таралуына байланысты енігізілген карантин режимі 31 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы елдің індетпен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады. Ел билігі індетті жаңадан жұқтырғандар мен жазылғандардың санын ескере отырып Баку, Сумгайыт, Гянджа, Лянкяран, Абшерон ауданы және тағы бірқатар өңірлерде кейбір шектеулерді кезең-кезеңімен жұмсартпақ. Аталған өңірлерде 4 мамырдан бастап мемлекеттік мекемелердің, сауда нысандарының, шаштараздардың, сән салондарының жұмысы қайта қалпына келтіріледі. Жұмысы жанданған кәсіпорындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау талабы қойылған. Карантин кезінде елде қоғамдық орындарда, парктерде, қоғамдық тамақтану орындарында 10 адамнан көп шоғырлануға болмайды. Ал Әзербайжандағы білім беру ошақтары 31 мамырға дейін жұмыс істемейді. Соңғы дерек бойынша, елде 1854 адам коронавирус жұқтырған. 1365 адам дертінен айығып, 25 адам көз жұмды. Айта кетейік, Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 3597-ге жетті. Еліміздегі вирус құрбандарының саны – 25. Вирус жұқтырғандардың 922-сі емделіп шықты.