30 Сәуір, 11:09 4017 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Түркістан облысында қараусыз қалған 2 бала көз жұмды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында абайсызда 2 бала мерт болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.

Комитет ақпаратына сүйенсек, екі оқиға да 29 сәуір күні болған. Атап айтқанда, Мырзакент ауылында 2012 жылы дүниеге келген бала абайсызда «Достық» арнасына құлап, суға батып кеткен. Баланың денесін қайғылы жайтқа куә болғандар судан алып шыққан.

«Екінші оқиға Достық ауылында болды. Үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2 жасар сәби электр резеткісімен ойнап, тоқ соққан. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында көз жұмды», - деп атап өтеді комитеттен.

Осыған орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті алдағы уақытта мұндай қайғылы жайттар орын алмауы үшін азаматтарды балаларына қауіпсіздік негіздерін үйретуге және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, барынша сақтық танытып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрмыстық құрылғылар қосылатын резеткілерді жауып қоюға, балаларды қараусыз тоғанға, өзге су қоймаларына жібермеуге шақырады.

 

Соңғы жаңалықтар