Қандастарға байқау жарияланды

Қандастарға байқау жарияланды

Қандастарға байқау жарияланды
ашық дереккөзі
Халқымыздың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 175 жыл. Ұлтымыздың ұлы тұлғасының мерейтойын мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде лайықты атап өту үшін елімізде арнайы үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды іс-шаралар жоспары түзілгені баршаға аян. Абай шығармалары арқылы  қандастардың қазақ тілі мен әдебиетіне, ұлты мен жұртына, елі мен жеріне құштарлығын арттыра түсу үшін 2020 жылғы 28 сәуір - 28 мамыр аралығында алыс-жақын шет елдердегі этникалық қазақ жастары арасында халықаралық байқау ұйымдастырылады. Байқауға 18 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жастар қатысып, өзара бақ сынаса алады. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ: -        Байқауға алыс-жақын ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ этникалық қазақтардың 18 бен 35 жас арасындағы ұл-қыздары - қандас жастар қатыса алады. -        Байқауға қатысушы талапкер ұлтымыздың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, ағартушы, композитор  Абай Құнанбаевтың өзі қалаған кез-келген шығармасынан ҮЗІНДІ жаттап: -        Абай өлеңінің бірінен үзінді оқуы  (кемінде екі-үш шумақ) -        Абайдың «Қара сөздерінің» бірінен үзінді оқуы (кемінде бір абзац) -        Абай әндерінің бірінен үзіндіні (кемінде бір шумақ+қайырмасымен) мазмұнына сай мәнерлеп, нақышына келтіре орындауы керек. -        Абайдың өлеңінен, «Қара сөзінен» және әнінен үзінді орындаған талапкер өзінің аты-жөнін, қай елде, қай жерде тұратынын бейнежазбаның (видеоролик) ең басында дауыстап айтып, қоса жазуы керек. -        Байқауға қатысушы Абай шығармаларынан ҮЗІНДІ орындаған өзінің видеожазбасын өз қолайына қарай әлеуметтік желіге (Faсebook,  Instagram, Twitter, VKontakte ) #OtandastarAbai175 хэштегімен салып, «Отандастар қорының» парақшасын төменде көрсетілген ресми парақшаларының бірін белгілеуі тиіс: -        Байқауға жолданатын бейнежазбаларды (видеороликтерді) қабылдаудың межелі мерзімі: 28 сәуір - 28 мамыр аралығы, 2020ж; -        Жүлдегерлер 1-маусымда анықталып, үздік үштікке енгендердің есімдері  1 маусым -  халықаралық Балаларды қорғау күнінде жария етіледі және «Отандастар қорының» сайты мен әлеуметтік желілерінде жазылады. -        Байқауға жолданған бейнероликтерді білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы іріктеп-сұрыптап, ең үздік деп танылған 3 (үш) талантты талапкер ЖҮЛДЕГЕР деп танылады. -        Жүлделі орындар: I орын - біреу; II орын - біреу; III орын – біреу. Жалпы 3 жүлде. -        3 (үш) жүлдегерге де «Туған елге саяхат» туристік пойызына тегін жолдама беріледі. «Туған елге саяхат» туристік пойызы кең-байтақ Қазақстанның өңірлеріне саяхат жасатып, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай, әрі табиғаты тамаша өлкелермен етене таныстырады. -        Саяхат жасайтын сапар уақыты қосымша хабарланып, жүлдегерлер алдын ала құлағдар етіледі. -        Үздік үштікке енген шетелдік 3 жүлдегер қандастың Қазақстанға келіп-кететін жол шығынын, күтіп алу-шығарып салу және туристік топқа қосу міндетін «Отандастар қоры» КЕАҚ мойнына алады. -        Байқау туралы ақпараттық материалдар «Отандастар қорының» сайты мен әлеуметтік желілерде орналастырылады. Ұлы ақынның ұлағатын паш етуге арналған байқауда баршаңызға сәттілік тілейміз!  width=