Кентауда маскасыз жүрген тұрғынды тоқтатқан полицей жарақат алды (видео)

Кентауда маскасыз жүрген тұрғынды тоқтатқан полицей жарақат алды (видео)

Кентауда маскасыз жүрген тұрғынды тоқтатқан полицей жарақат алды (видео)
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Кентау қаласының полицейлері карантин режимін бұзғанына қарамастан тәртіп сақшыларына қол көтерген жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 23 сәуірде Кентау қ. ПБ-нің кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқару кезінде көшеде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан. Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жүруді өтінген кезде, тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған, күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Оқиға орнына Кентау қ. ПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Күдікті ұсталды, ол бұрын есірткі ұрлағаны және сақтағаны үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған жай Кентау қаласы ПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. https://www.youtube.com/watch?v=nEFus7TtYoM