Жамбыл атындағы филармония ТМД бойынша үздік бестікке енді

Жамбыл атындағы филармония ТМД бойынша үздік бестікке енді

Жамбыл атындағы филармония ТМД бойынша үздік бестікке енді
ашық дереккөзі
ТурСтат туристік порталы жасаған рейтинг бойынша Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ТМД елдері бойынша үздік бес филармонияның қатарына енді.  Рейтинг көрерменнің филармонияда өтетін концерттерге баруы және оның сайтындағы және әлеуметітк желідегі парақшаларындағы классикалық музыка концерттерінің онлайн трансляциясын тамашалауы үшін жасалған. Портал сараптамасы бойынша үздік бестікке Мәскеудегі мемлекеттік академиялық филармония, Шостакович атындағы Санкт-Петербург академиялық филармониясы, Минскідегі Беларусь мемлекеттік филармониясы, Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және Бакудегі Мүслім Магомаев атындағы Әзербайжан мемлекеттік академиялық филармониясы еніпті. Рейтинг жасаушылардың айтуынша, бағалау кезінде филармонияның танымалдығы мен оның онлайн көрсетілетін концерттеріне талдау жасалып, соның нәтижесі басшылыққа алынған.